Белогент в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению белогента в мази, описание действия препарата, показания к применению мази белогента, взаимодействие с другими лекарствами, применение белогента (мазь) при беременности. Инструкции: Белогент в креме;
Торговое название: Белогент
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Мазь для наружного применения 15 г, 30 г
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07C Кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
D07C C Активные кортикостероиды в комбинации с антибиотиками
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды для местного лечения заболеваний кожи. Глюкокортикостероиды активные в комбинации с антибиотиками. Код АТС D07СC01
Условия хранения:
При температуре не выше 25 °С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
4 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Белая полупрозрачная гомогенная мазь.

Состав белогента в мази

1 г мази содержит:
1 г жақпамайдың құрамында:

Активное вещество белогента

бетаметазона дипропионата 0,640 мг, что эквивалентно 0,500 мг бетаметазона, гентамицина сульфата, что эквивалентно 1,000 мг основания гентамицина
0,640 мг бетаметазон дипропионаты, ол 0,500 мг бетаметазонға, гентамицин сульфатына барабар, ол 1,000 мг гентамицин негізіне барабар

Вспомогательные вещества в белогенте

вазелин, масло вазелиновое
вазелин, вазелин майы

Показания к применению мази белогента

Заболевания кожи, реагирующие на терапию топическими кортикостероидами, течение которых осложнено бактериальной инфекцией или существует опасность её присоединения:
  • инфицированные аллергические и неаллергические заболевания кожи: острые, подострые и хронические формы контактного аллергического дерматита, в том числе профессиональный дерматит, себорейный дерматит, пеленочный дерматит, атопический дерматит (нейродерматит), опрелости, экзематозный монетовидный дерматит, дисгидротический дерматит, острый пиодермизированный неаллергический дерматит, острый фотодерматит, рентгеновый дерматит, инфицированные дерматиты, развившиеся в результате укуса насекомых
  • инфицированные дерматозы, такие как вульгарный псориаз, эксфолиативный дерматит, плоский красный лишай и др.
Белогент мазь необходимо применять на поврежденной коже, инфицированной чувствительными к гентамицину бактериями, в т.ч. штаммами Streptococcus spp. (альфа-гемолитический, бета-гемолитический), Staphylococcus aureus (коагулазо-положительные, коагулазо-отрицательные и некоторыми штаммами, продуцирующие пенициллиназу), и грам-отрицательными бактериями Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, E. coli, Proteus vulgaris и Klebsiella pneumoniae.
Терінің сыртына қолданылатын кортикостероидтармен емдеуге әсер беретін, барысы бактериялық жұқпалармен асқынған немесе оның қосылу қаупі бар тері ауруларында:
  • жұқпа жұққан терінің аллергиялық және аллергиялық емес аурулары: жанаспалы аллергиялық дерматиттің жедел ағымды, баяу өрбитін және созылмалы түрлері, оның ішінде кәсіптік дерматит, себореялы дерматит, жаялық дерматиті, атопиялық дерматит (нейродерматит), баздану, экзематозды бақыр түріндегі дерматит, дисгидротикалық дерматит, жедел ағымды пиодермизирленген аллергиялық емес дерматит, жедел ағымды фотодерматит, рентгендік дерматит, жәндіктердің шағуы нәтижесінде дамыған жұқпа жұққан дерматиттерде.
  • жұқпа жұққан дерматоздарда, мысалы, тұрпайы псориазда, эксфолиативті дерматитте, жалпақ қызыл теміреткіде және басқаларда.
Белогент жақпамайы гентамицинге сезімтал бактерияларды, оның ішінде Streptococcus spp. (альфа-гемолитикалық, бета-гемолитикалық), Staphylococcus aureus штамдарын (коагулаз-оң, коагулаз-теріс және пенициллиназаның жасап шығаратын біршама штаммдар), және грам-теріс бактерияларды Pseudomonas aeruginosa, Aerobacter aerogenes, E. coli, Proteus vulgaris және Klebsiella pneumoniae жұқтырып, зақымданған теріге қолдану қажет.

Противопоказания белогента в мази

  • гиперчувствительность у пациентов к бетаметазону, гентамицину или к любому из вспомогательных компонентов препарата
  • туберкулез кожи
  • кожные поствакцинальные реакции
  • открытые раны
  • ветряная оспа
  • периоральный дерматит
  • розацеа и вульгарные угри
  • трофические язвы
  • бетаметазонға, гентамицинге немесе препараттың кез келген қосымша компонентіне асқын сезімталдықта
  • тері туберкулезінде
  • вакцинадан кейінгі тері реакцияларында
  • ашық жараларға
  • желшешекте
  • периоральды дерматитте
  • розацеада және тұрпайы безеулерде
  • трофикалық ойық жараларда

Побочные действия мази белогента

  • гиперчувствительность кожи (сыпь, зуд, эритема, отек и др.)
  • атрофия кожи, стрии
  • экхимоз
  • телеангиэктазии
  • фолликулит
  • гипертрихоз
  • аллергический контактный дерматит
При длительной терапии
  • кожная сыпь, зуд
  • местная гиперпигментация или депигментации кожи, депигментации волос
  • снижение секреции потовых желез
  • вторичное инфицирование кожи
Системные побочные эффекты
  • угнетение гипофизарно-надпочечниковой системы
  • замедление роста, повышение внутричерепного давления
  • гипергликемия
  • глюкозурия
  • синдром Кушинга
Системные побочные эффекты при наружном применении бетаметазона происходят вследствие продолжительного лечения, нанесения на большую площадь кожи, нанесения на кожу с нарушенной целостностью, при использовании под окклюзионные повязки.
  • терінің асқын сезімталдығы (бөртпе, қышу, эритема, ісіну және басқалар)
  • тері атрофиясы, жолақтар
  • экхимоз
  • телеангиэктазиялар
  • фолликулит
  • гипертрихоз
  • аллергиялық жанаспалы дерматит
Ұзақ уақыт емдеген кезде
  • тері бөртпесі, қышу
  • жергілікті гиперпигментация немесе терінің ақтаңдақтануы, шаттың ағаруы
  • тер бездері секрециясының төмендеуі
  • терінің екінші қайтара жұқпа жұқтыруы
Жүйелік жағымсыз әсерлер
  • гипофизарлы-бүйрекүсті безі үйесінің басылуы
  • өсудің баяулауы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
  • гипергликемия
  • глюкозурия
  • Кушинг синдромы
Бетаметазонды терінің сыртына қолданған кезде болатын жүйелік жағымсыз әсерлер онымен ұзақ емделу, терінің ауқымды бөлігіне жағу, тұтастығы бүлінген теріге жағу салдарынан, окклюзиялық таңғыштардың астына қолданған кезде болады.

Особые указания к применению

При появлении первых признаков реакций гиперчувствительности на коже (зуд, жжение, краснота) применения препарата должно быть прекращено. Белогент мазь нельзя использовать под окклюзионные повязки, кроме случаев необходимости. Не рекомендуется длительное наружное применение препарата Белогент на коже лица, так как возможно развитие розацеа, периорального дерматита и акне.

Белогент не следует применять в области глаз, в связи с вероятностью попадания препарата на слизистую оболочку, что может способствовать развитию катаракты, глаукомы, грибковых инфекций глаза и обострению герпетической инфекции.

Белогент не следует применять при лечении язв при варикозной болезни вен голени (трофические язвы).

Некоторые участки тела, такие как подмышечные впадины, паховые складки, где существует своего рода естественная окклюзия, в большей степени подвержены риску возникновения стрий, поэтому применение препарата на этих участках кожи должно быть непродолжительным.

В случаях развития грибковой микрофлоры на коже, необходимо дополнительное применение противогрибкового средства.

Беременность и период лактации
Безопасность местного применения кортикостероидов и гентамицина у беременных женщин не установлена. Местное применение препарата Белогент у беременных допускается только в тех случаях, когда предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода. В таких случаях применение препарата должно быть непродолжительным и по возможности ограничиваться небольшими участками кожных покровов. Не установлено, выделяется ли бетаметазон в грудное молоко при местном применении препарата. Установлено, что гентамицин при системном применении выделяется с грудным молоком, но это не оказывает отрицательного воздействия на младенцев. В период грудного вскармливания применение препарата Белогент возможно по строгим показаниям, но при этом препарат нельзя наносить на кожу молочной железы перед кормлением.

Использование в педиатрии
Белогент можно назначать детям с 1 года, с осторожностью и на максимально короткий срок. Не следует применять препарат детям под повязки и, особенно, под пластифицированные подгузники, так как это усиливает всасывание препарата и увеличивает риск развития побочных явлений.

Особенности влияния на способность к управлению транспортными средствами и обслуживанию движущихся механизмов
Данных о неблагоприятном воздействии препарата на способность управлять транспортными средствами и механизмами не имеется.
Асқын сезімталдықтың алғашқы белгілері (қышу, күйдіру, қызару) теріде пайда болған кезде препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс. Белогент жақпамайын окклюзиялық таңғыштардың астына, қажетті жағдайлардан басқасында, қолдануға болмайды. Белогент препаратын бет терісіның сыртына ұзақ уақыт қолданбау керек, өйткені розацеа, периоральды дерматит және акне дамуы мүмкін.

Белогентті көз айналасына, препарат шырышты қабыққа тиіп кетуі мүмкін болғандықтан, қолданбау керек, ол катарактаның, глаукоманың, көздің зеңді жұқпасының дамуына және ұшық жұқпасының асқынуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Белогентті балтыр көктамырларының варикозды ойық жара ауруында ойық жараны (трофикалық ойық жараларды) емдеу үшін қолданбаған жөн.

Терінің кейбір жерлерінде, мысалы, қолтық асты шұңқырында, шап қыртыстарында, яғни өзінің табиғи окклюзиясы бар жерлерде теңбілдердің пайда болу қаупі үлкен дәрежеде, сондықтан препарат терінің осы жерлеріне ұзақ қолданылмауға тиіс.

Теріде зеңді микрофлора дамыған жағдайларда зеңге қарсы дәрілерді қосымша қолдану қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі
Кортикостероидтарды және гентамицинді жүкті әйелдерге жергілікті қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Белогент препаратын жүкті әйелдерге жергілікті қолдануға тек оның ана үшін шамаланған пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қаупінен басым болған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда препаратты қолдану ұзаққа созылмауға және мүмкіндігінше, тері жабындарының аздаған бөліктеріне қолданумен шектелуге тиіс. Жергілікті қолданған кезде бетаметазонның емшек сүтіне бөлініп шығатын-шықпайтыны анықталған жоқ. Гентамициннің жүйелік қолданылған кезде емшек сүтімен бірге бөлініп шығатыны анықталды, бірақ бұл нәрестеге теріс әсерін тигізбейді. Бала емізу кезеңінде Белогент препаратын қолдану қатаң көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ мұндайда препаратты бала емізер алдында сүт безінің терісіне жағуға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы
Белогентті балаларға 1 жасынан бастап, сақтықпен және барынша қысқа мерзімге тағайындауға болады. Препаратты балаларға таңғыштың астынан, әсіресе пластифицирленген подгузник астына қолданбаған жөн, өйткені бұл препараттың сіңуін күшейтеді және жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.

Көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың көлікті және механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері жөнінде деректер жоқ.

Дозировка и способ применения

Только для наружного применения. Белогент в форме мази для наружного применения применяется для терапии хронических дерматозов, в т.ч. сухих, лихенизированных и шелушащихся поражений, или в тех случаях, когда необходимо окклюзионное действие мази.

Белогент мазь наносят на пораженный участок тонким слоем в количестве, необходимом для покрытия пораженной поверхности, два раза в день, слегка втирая. На участки с более плотной кожей (например, локти, ладони и стопы), а также места, с которых препарат легко стирается, Белогент можно наносить чаще. Продолжительность непрерывного курса лечения обычно составляет не более 3 недель. Для профилактики рецидивов при лечении хронических заболеваний терапию следует продолжать еще некоторое время до исчезновения всех симптомов, под наблюдением специалиста.
Терінің сыртына ғана қолдануға арналған. Терінің сыртына қолдануға арналған жақпамай түріндегі Белогент созылмалы дерматозды, оның ішінде құрғақ лихенизирленген және қабыршақтанған зақымдануларды емдеуге, немесе жақпамайдың окклюзиялық әсері қажет жағдайларда қолданылады.

Белогент жақпамайын зақымданған аймаққа зақымданған жерді жабу үшін қажетті мөлшерде жұқа етіп, күніне екі рет, жәйлап сипалай отырып, жағады. Терісі өте тығыз жерлерге (мысалы, шынтақ, алақан және табан), сондай-ақ препарат оңай сүртілетін жерлерге Белогентті жиі жағуға болады. Үздіксіз емдеу курсының ұзақтығы әдетте 3 аптадан аспайды. Созылмалы ауруларды емдеген кезде қайталануының алдын алу үшін, маманның бақылауымен барлық симптомдар жоғалғанша, емдеуді тағы біршама уақытқа жалғастырған жөн.

Взаимодействие с лекарствами

Взаимодействия препарата Белогент с другими лекарственными средствами неизвестны.
Белогент препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Передозировка белогентом в мази

При длительном непрерывном использовании препарата, особенно у детей, на обширных поверхностях кожи, нанесении на кожу с нарушенной целостностью или при использовании под окклюзионную повязку, возможно развитие побочных эффектов, связанных с повышенным всасыванием бетаметазона или гентамицина. Следует подчеркнуть, что вероятность развития таких явлений исключительно мала.

Лечение: рекомендуется отменить препарат и при необходимости провести симптоматическое лечение.
Препаратты терінің ауқымды бөлігіне ұзақ уақыт үздіксіз қолданған кезде, әсіресе балаларға, тұтастығы бүлінген теріге жаққанда немесе окклюзиялық таңғыш астына қолданған кезде бетаметазонның немесе гентамициннің сіңуінің артуына байланысты жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін. Мұндай құбылыстардың дамуы мүмкіндігі өте аз екендігін ескерген жөн.
Емдеу: препаратты тоқтату керек және қажет болған кезде симптоматикалық ем жүргізу керек.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

На абсорбцию бетаметазона при местном применении влияют многие факторы, включая состояние эпидермиса, а также наличие окклюзии.

Воспалительные процессы кожи, применение окклюзионных повязок могут усиливать абсорбцию препарата. Системная абсорбция после наружного применения составляет 12-14%. Примерно 64% бетаметазона обратимо связывается с белками плазмы, объем распространения составляет 1,4 л/кг. Бетаметазон метаболизируется в печени, период полувыведения составляет 5,6 часов. Метаболиты выводятся в большей степени через желчь и меньшем количестве с мочой (около 5%).

Гентамицин при нанесении на неповрежденную кожу всасывается в незначительном количестве, абсорбция с поврежденной кожи составляет 5 %. Как и другие аминогликозиды, гентамицин плохо связывается с плазменными белками и почти полностью выводится с помощью клубочковой фильтрации.
Терінің сыртына қолданғанда бетаметазонның сіңуіне көптеген факторлар, эпидермистің жағдайын, сондай-ақ окклюзияны қосқанда, ықпалын тигізеді.

Терідегі қабыну үдерістері, окклюзиялық таңғыштарды қолдану препараттың сіңуін күшейтуі мүмкін. Терінің сыртына қолданғаннан кейінгі жүйелік сіңуі 12-14% құрайды. Бетаметазонның шамамен 64%-ы плазма ақуыздарымен қайтымды түрде байланысады, таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 1,4 л құрайды. Бетаметазон бауырда метаболизденеді, жартылай шығарылу кезеңі 5,6 сағатты құрайды. Метаболиттер үлкен дәрежеде өт арқылы және аз мөлшерде несеппен бірге (5%-ға жуық) шығарылады.

Гентамицин зақымданбаған теріге жаққан кезде аздаған мөлшерде сіңеді, зақымданған теріге сіңуі 5 %-ды құрайды. Басқа аминогликозидтер сияқты, гентамицин плазмалық ақуыздармен нашар байланысады және шумақтың сүзілу арқылы толық дерлік шығарылады.

Фармакодинамика

Белогент - противовоспалительное, противоаллергическое и антибактериальное средство. Бетаметазон – синтетический фторсодержащий глюкокортикостероид для местного применения в дерматологии, обладающий противовоспалительным, иммуносупрессивным, антипролиферативным действиями. При нанесении на поверхность кожи, бетаметазон оказывает быстрое и сильное действие в очаге воспаления, уменьшая выраженность объективных симптомов (эритема, отек, лихенификация) и субъективных ощущений (зуд, раздражение, боль).

Противовоспалительное действие происходит благодаря снижению продукции, выпуска и активности медиаторов воспаления, таких как, кинины, гистамины, липосомальные ферменты, простагландины. Кортикостероиды предотвращают дилатацию кровеносных сосудов и снижают их пористость, вследствие чего уменьшается миграция воспалительных клеток к поврежденной ткани. Иммуносупрессивное действие подразумевает более низкую реакцию на аллергические реакции замедленного типа (тип III и IV).

Механизм действия – снижение токсичного эффекта антигена и комплекса антитела, которые, путем осаждения к стенкам кровеносного сосуда приводят к аллергическому васкулиту с одной стороны, и снижению активности лимфокинов, которые вместе вызывают реакцию аллергического контактного дерматита, с другой стороны. Кортикостероиды также предотвращают доступ чувствительных T-лимфоцитов и макрофагов к клеткам-мишеням.

Гентамицин – антибиотик из группы аминогликозидов, оказывающий бактерицидное действие в отношении большинства грамположительных и грамотрицательных микроорганизмов, в т.ч. штаммов Streptococcus spp. (бета-гемолитический, альфа-гемолитический), Staphylococcus aureus (коагулазо-положительные, коагулазо-отрицательные и некоторые штаммы, продуцирующие пенициллиназу), Proteus spp., Escherichia coli. и др.

Нарушает синтез белка бактерий путем связывания с 30S субъединицей бактериальных рибосом, препятствуя образованию комплекса между РНК и 30S субъединицей, при этом происходит ошибочное считывание генетического кода и образование нефункциональных белков; полирибосомы расщепляются и теряют способность синтезировать белок (бактериостаз).
Белогент – қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және бактерияларға қарсы дәрі.

Бетаметазон – дерматологияда жергілікті қолдануға арналған, қабынуға қарсы, иммуносупрессиялық, пролиферацияға қарсы әсері бар, құрамында фторы бар синтетикалық глюкокортикостероид. Терінің сыртына жаққан кезде бетаметазон қабыну ошағына тез және күшті әсер етіп, объективті симптомдардың (эритема, ісіну, лихенификация) және субъективті сезімдердің (қышу, тітіркену, ауыру) білінуін азайтады.

Қабынуға қарсы әсері қабынудың кининдер, гистаминдер, липосомальды ферменттер, простагландиндер сияқты медиаторларының жасалу, шығарылу және белсенділігінің төмендеуінің арқасында жүреді. Кортикостероидтар қантамырларының кеңеюіне жол бермейді және олардың уақ тесікті болуын төмендетеді, соның салдарынан қабынған жасушалардың зақымданған тіндерге көшуі азаяды. Иммуносупрессиялық әсері баяу түрдегі (III және IV түрі) аллергиялық реакцияларға өте төмен реакция береді деп шамаланады.

Әсер ету механизмі – антигенге және антидене кешеніне уытты әсерді төмендету, олар қантамыр қабырғаларына тұну арқылы, бір жағынан алғанда, аллергиялық васкулитке, басқа жағынан алғанда, аллергиялық жанаспалы дерматит реакциясын бірге тудыратын лимфокиндер белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады. Кортикостероидтар сондай-ақ сезімтал T-лимфоциттердің және макрофагтардың нысана жасушаларға жеткізілуіне жол бермейді.

Гентамицин – көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге, оның ішінде Streptococcus spp. штаммдарына (бета-гемолитикалық, альфа-гемолитикалық), Staphylococcus aureus (коагулаз-оң, коагулаз-теріс және пенициллиназаны жасап шығаратын кейбір штаммдар), Proteus spp., Escherichia coli. және басқаларға бактерицидті әсер ететін, аминогликозидтер тобына жататын антибиотик.

Бактерия ақуыздарының синтезін бактериялық рибосомдардың 30S суббірлігімен байланысу арқылы бұзып, РНК мен 30S суббірлігі арасында комплекстің пайда болуына кедергі жасайды, мұндайда генетикалық код қате есептеледі және функциональдық емес ақуыздар пайда болады; полирибосомдар ыдырайды және ақуызды синтездеу қабілетінен айырылады (бактериостаз).

Упаковка и форма выпуска

По 15 г и 30 г в тубы алюминиевые с мембраной, с внутренним лаковым покрытием, закрывающиеся полиэтиленовым колпачком со штырьком для прокалывания мембраны. По 1 тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Мембранасы, ішінде лакты жабыны, полиэтиленді қақпақшамен жабылатын, мембранасын тесуге арналған тескіші бар алюминий сықпада 15 г-нан және 30 г-нан. 1 сықпа медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.